ЖАУЫНГЕРЛІК САМБОДАН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ БІРІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Ақтау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті🥋

Аталған додада Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

🥈 Айханым Кызайбай (54 кг) – 2 орын
🥇 Жансанат Кабдракимов (79 кг) – 1 орын
🥉 Жәнібек Кенжебек (64 кг) – 3 орын
🥇 Диор Зулхайдаров (53 кг) – 1 орын

Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, командалық есепте 1 орын иеленді🏆

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!👏🏻