Жоғары спорт шеберлігі мектебіне спорт түрлері бойынша кемінде «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» спорттық дәрежесі бар спортшылар қабылданады. Қабылдау қолданыстағы талаптарға, спорттық көрсеткіштерге және спорт түрлері бойынша белгіленген критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу-жаттығу процесі аккредиттелген спорттық базаларда, мамандандырылған спорт кешендерінде және оқу-жаттығу жоспарына бойынша шет елдерде жүргізіледі.

Мекеме спортшыларына оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, спорттық дайындық, медициналық бақылау және жарыстарға қатысу бағыттары бойынша жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Біздің спортшылар республикалық, халықаралық және іріктеу жарыстарына, сондай-ақ Азия чемпионаттары, әлем чемпионаттары және Олимпиада ойындары сияқты беделді спорттық додаларға қатысу мүмкіндігіне ие.

Иә, спортшыларды қабылдау спорт түрінің ерекшеліктеріне, спорттық дайындық деңгейіне және тиісті спорт федерацияларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қосымша ақпаратты мекеменің ресми сайтынан, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан немесе байланыс телефондары арқылы алуға болады.

Бізбен келесі байланыс құралдары арқылы хабарласа аласыз: