Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, Алматы қаласы Спорт басқармасының «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2024 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі құрылды.