«Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі» МКҚК
+
Жыл тәжірибе
Спорт түрі
+
Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері
+
Әлем чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері
Мақсаттар мен міндеттер
Негізгі мақсат: Қазақстан Республикасында дамытылатын (қысқы олимпиадалық, жазғы олимпиадалық емес, ұлттық) спорт түрлерін насихаттау және дамыту, спорт мектептері мен жоғары жетістіктер спортын дамыту, халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау, спорттық және олимпиадалық қозғалысты дамыту, Алматы қаласының спорттық резервін дайындау.
Негізгі міндеттер:
- спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының негізгі құрамына спортшыларды іріктеу және дайындау;
- оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижелеріне, физикалық қасиеттердің дамуындағы жеке көрсеткіштердің өсу динамикасына, спортшылардың техникалық-тактикалық дайындық деңгейін арттыруға талдау жүргізу;
- білім алушылардың жарыстарға қатысуын және табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету.
Спорт түрлері
Ұйымда дамытылатын, денсаулыққа, тәртіпке және командалық рухқа бағытталған спорт түрлері.






















