ЖСШМ — Жоғары спорттық шеберлік мектебі

Алматы қаласының Жоғары спорттық шеберлік мектебі — спортшылардың жоғары спорттық нәтижелерге жетуі үшін олимпиадалық спорт түрлері бойынша жыл бойы оқу-жаттығу және спорттық-әдістемелік қызметті жүзеге асыратын жетекші спорт мекемесі.

Мектеп халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін, әлем, Азия чемпионаттары мен Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін дайындады. Біздің тәрбиеленушілер халықаралық аренада Қазақстанды лайықты көрсетеді.

№ 3 ЖББМ Алматы қаласы әкімінің 2002.12.29 №5/829 қаулысына сәйкес құрылды.
2010 ж. №3 ЖББМ 01.09.2010 ж. бастап «жоғары спорт шеберлігі мектебі»МКҚК болып қайта құрылды.

Мақсаттар мен міндеттер

Негізгі мақсат: Дамытылатын (қысқы олимпиадалық, жазғы олимпиадалық емес, ұлттық) спорт түрлерін насихаттау және дамыту, Қазақстан Республикасында спорт мектептері мен жоғары жетістіктер спортын дамыту, халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау, спорттық және олимпиадалық қозғалысты дамыту, Алматы қаласының спорттық резервін дайындау.

Негізгі міндеттер:

  • спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама ұлттық командаларының негізгі құрамына спортшыларды іріктеу және дайындау;
  • оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижелерін, дене қасиеттерін дамытудың жеке көрсеткіштерінің өсу динамикасын, спортшылардың техникалық-тактикалық дайындық деңгейін арттыруды талдау;
  • оқушылардың жарыстарға қатысуын және табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету.

Материалдық база

Мектеп халықаралық стандарттар бойынша жабдықталған жаттығу залдары бар заманауи спорт кешенімен қамтамасыз етілген. Спортшыларға — татами, бокс рингтері, жаттығу залы және қалпына келтіру орталығы.