Джиу-джитсу

Джиу-джитсу олимпиадалық емес спорт түрі. Бразилиялық күрестің түрлеріне жатады. Спортшылар GI «кимонода» және NOGI «кимоносыз» пәндерінде өнер көрсетеді. Қауымдастық 2015 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Қазақстан Республикасы аумағында джиу-джитсу спортын дамытуға рұқсат алған жалғыз акредиттелген қоғамдық бірлестік.Қауымдастық мүшелері Астана, Алматы, Шымкент қалалары жәнеде облыстарда джиу-джитсу спортын дамытушы акредиттелген федерациялардан тұрады. Қауымдастықтың басты міндеті еліміздің аумақтарында джиу-джитсу спортының барлық бағыттарын дамыту болып табылады. Елімізге джиу-джитсу спорты 1992 жылдан бастап насиxатталуда. Қазіргі уақытта елімізде джиу-джитсу спортымен айналысатын спортшылар саны шамамен 15 000-ға жуық. Джиу-Джитсудан Ұлттық құрама спортшылары арасында жазғы Азия Ойындарының чемпиондары, Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңіпаздары бар.