Муай-тай (Тайбокс)

Муайтай федерациясының негізі 1998 жылы қаланды. Қазіргі уақытта муайтай федерациясының филиалдары еліміздің 14 өңірінде жұмыс істейді. 1998 жылдан бастап муайтайдан Қазақстан Президентінің кубогы халықаралық ашық турнирі елімізде ресми түрде өткізіліп келеді. 1999 жылдың 3 қантарында Астана қаласында Қазақстан мен Тайланд құрамаларының арасында муайтайдан халықаралық жарыс өтті. Сол жарыста қазақ спортшылары 5:2 есебімен жеңіске жетті. 1999 жылдың желтоқсан айында Тайланд Королінің Кубогында Қазақстан құрамасы екі күміс және екі қола жүлдені иеленді. Келесі жылы Тайланд Королінің Кубогында қазақстандықтар екі қола медаль ұтып алды. Қазіргі уақытта Қазақстанда федерацияға кіретін 100-ге жуық спорт клубы муайтайдан спортшыларды дайындауда. Федерацияда 4 ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 100 астам халықаралық спорт шебері дайындалған. Одан басқа 10-нан аса бапкер «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттырықтырушы» атағына ие болды