Шаңғы жарысы

Шаңғы жарысы — олимпиадалық спорт түрі. «Спринт эстафетасы» 4×5км, «аралас эстафета» 4×10км, 5км, 10км, 30км қашықтықтары. 1934 жылы Петропавлда шаңғы жарысынан Бүкілқазақстандық бірінші жарыс өтті. 3 шақырымда спортшы А.Гершунова (Алматы), 5 шақырымда Воронцова (Ақтөбе) жеңіп алды. Ерлер арасында 10 және 30 шақырымда В.Голубенко (Қарағанды) жеңімпаз атанды. 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында Бірінші жалпықазақстандық қысқы шаңғы жарысы өтті. 1938 жылы қазақстандық шаңғышылар алғаш рет бүкілодақтық жарыстарға қатысты. 2011 жылы Алматыда спорт нысандарында кешенді халықаралық жарыстар – VII Азия ойындары өтті. 2017 жылы Алматыда XXVIII қысқы Универсиада өтті. Шараға 57 елден 2000-нан астам спортшы қатысты. 8 спорт нысанында 12 спорт түрінен жарыстар өтіп, 85 медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Жалпы медальдық есепте Қазақстан 11 алтын, 8 күміс және 17 қоламен екінші орынға тұрақтады. Қазақстан қоржынына барлығы 36 медаль түсті.