Қытайдың заманауи жауынгерлік өнері және спорттық жанасымды жекпе-жек түрі. Қол мен аяқпен соққыларды, лақтыруларды, ұстауларды біріктіреді. Ушу спорт түрі елімізде 90 жылдары пайда болды. Дегенмен, 2005 жылдан кейін ғана қарқынды даму кезеңіне түсті. Біздің спортшылар жыл сайын оқу жаттығу жиындарына шығып тұрады. Жалпы Қазақстан бойынша ушумен 4000 астам спортшы айналысады. Олардың арасында Әлем, Азия чемпиондары, Әлем Кубогі жүлдегерлері, универсиада чемпиондары бар. Қазақстандық ушу және кунг-фу Федерациясында ушумен төрт жастағы балалардан ересектерге дейін айналысады. Соңғы Азия Чемпионатында Арыстан Оразов ересектер арасында қола медаль иеленді, еліміздің барлық қалаларында ушу Федерациясының өкілдіктері бар. 2017 жылы Қазақстанның ересектер арасында ҚР Чемпионаты, ҚР Кубогі, Ашық республикалық турнирлер өткізілді. Қазақстандық ушу Федерациясы Халықаралық Ушу Федерациясымен мойындалған.




