Бүгін Астана қаласындағы «Алау мұзайдынында» конькимен жүгіру спортынан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.
Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Евгений Кошкин 500 метр қашықтықты 35.34 секундта жүгіріп, жүлделі екінші орынға тұрақтады.
Бірінші орынды 35.17 секундта жүгірген астаналық Артур Галиев алды. Айта кетейік, Евгений Кошкин 2025 жылы Солт-Лейк-Ситидегі әлем Кубогының кезеңінде 500 метр қашықтықты 33.67 секундта жүгіріп, ТОП-3 ең үздік көрсеткіштің қатарына еніп еді.
Спортшымызды жүлделі орынға ие болуымен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!




