АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ УШУ-САНЬДАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА 4 АЛТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

2026 жылғы 9–14 қараша аралығында Тараз қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында ушу-саньдадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Ел біріншілігіне еліміздің 15 өңірінен 500-ден астам спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде спортшыларымыз төрт алтын жүлде иеленді.

56 кг — Диана Оконешникова
56 кг — Нариман Канат
48 кг — Хафиз Османов
70 кг — Айлин Махмудова

Алматы қаласының спортшыларын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!