Астана қаласында конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты

Астана қаласында конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты өтті. Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Матрюхин Михаил — 1 алтын, 2 күміс
Мезенцев Денис — 3 алтын, 1 күміс, 1 қола
Аскар Абдулмалик — 1 қола

Жаттықтырушылар Фёдор Мезенцев пен Максим Баклажкинге жоғары кәсібилігі және спортшыларды дайындауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз

Жеңіс құтты болсын!