Астана қаласында спорт мектептері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының спортшылары 17 медаль иеленді.
1 орын:
Михаил Матрюхин — 500 м, 1000 м және 1500 м (юниорлар);
Глеб Терентьев — 500 м және 1000 м (жоғары жастағы жасөспірімдер);
Илияс Жакибаев — 1500 м және 3000 м (жоғары жастағы жасөспірімдер).
2 орын:
Денис Мезенцев — 500 м, 1000 м және 1500 м (юниорлар);
Давид Кадыров — 500 м;
Илияс Жакибаев — 500 м және 1000 м (жоғары жастағы жасөспірімдер);
Глеб Терентьев — 1500 м (жоғары жастағы жасөспірімдер);
Денис Мезенцев — 3000 м (юниорлар).
3 орын:
Варвара Новикова — 500 м және 1500 м.
Осылайша, Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің қоржыны 7 алтын, 8 күміс және 2 қола медальмен толықты.
Спортшылар мен олардың жаттықтырушылары Фёдор Мезенцев пен Максим Баклашкинді жарыстағы лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз!



