Жоғары спорт шеберлігі мектебінің шахматшысы Алуа Нұрман беделді Grenke Freestyle Chess Open турнирінде әйелдер арасында 2-орын иеленіп, Freestyle Chess World Championship турниріне жолдама алды.
Жарыс барысында ол шахматтан 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсенпен партия өткізіп, өз ойынының жоғары деңгейін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша Алуа Нұрман әлемнің ең мықты 8 шахматшысының қатарына еніп, фристайл шахматтан әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Алуа Нұрманға алдағы әлем чемпионатында сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз! Алға Қазақстан!




