2026 жылғы 6–12 сәуір аралығында Асанов атындағы ату кешені базасында стендтік атудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты және «Alatau Grand Prix» халықаралық турнирі өтті.
Аталған жарыстарда Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жоғары нәтижелер көрсетті.
Атап айтқанда, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында спортшыларымыз:
🥇 3 алтын,
🥈 4 күміс,
🥉 2 қола медаль иеленді.
Ал «Alatau Grand Prix» турнирінде:
🥇 5 алтын,
🥈 5 күміс,
🥉 3 қола медаль жеңіп алды.
Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебі стендтік ату бөлімінің спортшылары мен жаттықтырушыларын жарыстағы табысты өнер көрсетулерімен құттықтайды!




