Алматы қаласындағы «Айнабұлақ» спорттық-сауықтыру кешенінде ушу-сандадан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Бұл жарыс 22–24 сәуір аралығында өтеді. Жарыс бағдарламасына сәйкес, 22–23 сәуір күндері іріктеу жекпе-жектері өтсе, 24 сәуірде финалдық белдесулер ұйымдастырылады.
Еліміздің 17 өңірінен 297 спортшы қатысатын бұл чемпионатта спортшыларымыз халықаралық аренада ел намысын қорғау мүмкіндігі үшін де бақ сынайды.
Спортшыларымызға сәттілік және жарқын жеңістер тілеміз!




