Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Мырзағали Жаңабайұлы «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығында өтіп жатқан нысана көздеу бөлімінің оқу-жаттығу процесімен танысты

Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Мырзағали Жаңабайұлы «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығында өтіп жатқан нысана көздеу бөлімінің оқу-жаттығу процесімен танысты.

Жұмыс сапары барысында бөлімнің аға жаттықтырушысы Дришлюк Юлияның және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары Скиба Вероника мен Малиновский Константин кешеннің спорттық инфрақұрылымын таныстырды. 10, 25 және 50 метр қашықтықтарға арналған, пневматикалық және шағын калибрлі тапанша мен спорттық винтовкадан жаттығулар орындауға арналған ату тирлері көрсетілді.

Кездесу барысында Мырзағали Жаңабайұлы бөлім спортшыларымен танысты. Олардың қатарында 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Александра Ле және 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Арина Малиновская бар. Мектеп басшысы спортшыларға кешенді қолдау көрсететін, оның ішінде спорт психологы мен дәрігері бар мамандар тобы жұмыс істейтінін атап өтті.

Сапар нәтижесінде спортшыларды даярлау деңгейі бағаланып, Алматы қаласында оқ ату спортын одан әрі дамыту перспективалары айқындалды.