«Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы және ату кешенінің басшылығымен кездесу өтті

Бүгін Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Мырзағали Жаңабайұлы «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы базасының директоры Андрей Юрьевич Макаровпен және ату кешенінің басшысы Сергей Александрович Петренкомен кездесті.

Кездесуде тараптар алдағы маусымдағы басты халықаралық жарыстарға — жазғы Азия ойындары мен лицензиялық әлем чемпионатына — спортшыларды сапалы дайындау мәселелерін талқылады. Негізгі назар оқу-жаттығу процесіне қолайлы жағдай жасауға, ату кешенінің инфрақұрылымын тиімді пайдалануға және жаттықтырушылар мен әкімшілік арасындағы өзара байланысқа аударылды.

Сонымен қатар, жоғары деңгейдегі спортшыларды дайындауда жүйелі жұмыстың маңыздылығы атап өтілді. Бұл бағытта материалдық-техникалық база, медициналық және психологиялық қолдау, сондай-ақ оқу-жаттығу үдерісін үйлестіру мәселелері сөз болды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта бірлескен жұмысты жалғастырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ниетті екендерін жеткізді.