Бүгін Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінде апталық жиналыс өтті.
Жиын барысында өткен аптадағы жарыстардың қорытындылары мен спортшылардың нәтижелері сараланды.
Сонымен қатар алдағы жарыстарға дайындық жоспары қаралып, оқу-жаттығу процесін күшейту бағыттары айқындалды. Жиын соңында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, жұмыс барысын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.




