Қазақстанда стенд атудан рейтингтік Әлем кубогінің ашылу салтанаты өтті

Кеше Алматы облысында Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан рейтингтік Әлем кубогінің ресми ашылу салтанаты өтті.

2026 жылғы 2–11 мамыр аралығында өтетін халықаралық жарысқа әлемнің 42 елінен 550-ге жуық спортшы мен ресми өкілдер қатысуда.

Аталған дода спортшылардың халықаралық рейтингін арттыруға, 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға, сондай-ақ ату спортын дамыту мен насихаттауға бағытталған.

Қазақстанда өтіп жатқан бұл ірі спорттық іс-шара мергендердің шеберлігін шыңдап, халықаралық деңгейдегі тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.