2026 жылғы 1–3 мамыр аралығында Бішкек қаласында Джиу-джитсудан Орталық Азия чемпионаты өтті🥋
Жарыс қорытындысы бойынша Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары төмендегідей нәтиже көрсетті:
🥇 Сәкенұлы Алау — 77 кг
🥇 Әли Батырбек — 56 кг
🥈 Костенко Данил — 94 кг
Жоғары спорт шеберлігі мектебі спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын халықаралық жарыстағы жоғары нәтижелерімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа спорттық жетістіктер тілейді!




