Бақдаулет Мырзабеков джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің джиу-джитсу бөлімінің спортшысы Мырзабеков Бағдаулет Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан джиу-джитсудан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Отандасымыз full contact дисциплинасы бойынша +94 кг салмақ дәрежесінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, әлем біріншілігінің күміс медалін жеңіп алды.

Мырзабеков Бағдаулетті және бапкері Тлеумбетов Қанат мырзаны айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!