Алматы қаласының Каратэ WKF федерациясына жаңа президент тағайындалды

2026 жылдың 17 мамыр күні Алматы қаласының Каратэ WKF федерациясы президентін сайлау жөніндегі кезектен тыс ресми жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Каратэ WKF федерациясының 1-вице президенті Болат Хавлахат, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті қоғамдық бірлестігінің атқару комитетінің мүшесі Дүйсенов Қайрат Сансызбайұлы, сондай-ақ жаттықтырушылар, спортшылар және олардың ата-аналары қатысты.

Жиын барысында Алматы қаласы Каратэ WKF федерациясының жаңа президенті болып Lenovo Intelligent Devices Group құрылымында Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағына жауапты корпоративтік сату директоры — Абдрасилов Ғазиз Нарымбетұлы сайланды.

Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымы атынан Абдрасилов Ғазиз Нарымбетұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге жауапты қызметіңізде табыс, тың бастамалар мен жоғары жетістіктер тілейміз. Алматы қаласындағы каратэ спортының дамуына қосар үлесіңіз мол болып, спортшыларымыз халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғай береді деп сенеміз.