Ерлан Тлеуханов шахматтан Орталық және Солтүстік Азия чемпионатынан алтын жүлде жеңіп алды

2026 жылғы 30 маусым – 9 шілде аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы, Қорумды ауылында 8–18 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Орталық және Солтүстік Азия чемпионаты өтті.

Аталған халықаралық додада Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Ерлан Тлеуханов жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, І орынға ие болды.

Спортшысызды халықаралық жарыстағы жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!