Бүгін Алматы қаласының 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябағында Алматы қаласы Спорт басқармасына қарасты «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» МКҚК ұйымдастыруымен «Спорт — достық алаңы» атты бұқаралық спорттық іс-шара өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бұқаралық спортты дамыту және әртүрлі жастағы азаматтардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Бұл іс-шараға қала тұрғындары, жастар мен кішкентай балалар белсенді қатысып, өзара достық пен ұйымшылдық атмосферасында бақ сынады. Қатысушылар отжимания, арқан тарту, ұзындыққа секіру және асық ату сынды спорттық сайыстарда өз күштері мен ептіліктерін көрсетті.
Мұндай іс-шаралар тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, дене белсенділігін арттыруға және қоғамда спорт мәдениетін қалыптастыруға үлес қосады.
Жоғары спорт шеберлігі мектебі бұқаралық спортты дамытуға бағытталған игі бастамаларды қолдайды және қала тұрғындарын белсенді өмір салтын ұстануға шақырады.



