Алматы қаласының спортшылары джиу-джитсудан Азия чемпионатында үш жүлде жеңіп алды

2026 жылғы 13–19 шілде аралығында Алматы қаласындағы «Almaty Arena» спорт кешенінде джиу-джитсудан ересектер арасындағы 10-шы Азия чемпионаты және жастар арасындағы (U16, U18, U21) 3-ші Азия чемпионаты өтті.

Құрлықтық додаға Азияның 20-дан астам елінен келген жүздеген үздік спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Аталған жарыста Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына үш жүлде салды:

Костенко Данил – U21 жас санатында Азия чемпионы атанып, алтын медаль жеңіп алды.

Құлымбетова Жібек – 48 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Мырзабек Бақдәулет – 94 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алып, Азия чемпионатын табысты аяқтады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларын жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз.