ISSF әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды

2026 жылғы 20–26 шілде аралығында Эстония Республикасының Таллин қаласында нысана көздеуден (қозғалмалы нысана) ISSF әлем чемпионаты өтті. Әлемнің ең үздік мергендері бақ сынаған додаға 17 мемлекеттен 85 спортшы қатысты.

Бүгін Алматы халықаралық әуежайында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары мен бапкерлерін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды туған-туыстары, жаттықтыркшылары мен Алматы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымы күтіп алды.

Айта кетейік, аталған әлем чемпионатында Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Даниил Яковенко 10 метр қашықтықтағы қозғалмалы нысана бағдарламасында (10m Moving Target Men Junior) күміс жүлдеге ие болып, Қазақстан қоржынына кезекті медаль салды.

Бұл жетістік – қазақстандық нысана көздеу спортының халықаралық аренадағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, отандық спорттың дамуына қосылған маңызды үлес деп білеміз.