Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-при кезеңінде 4 орын иеленді

Польшаның Висла қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-придің алғашқы кезеңі өтуде. Дүбірлі додаға әлемнің үздік спортшылары қатысуда.

Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Данил Васильев жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, 4-орынға ие болды.

Данил Васильевті және оның жаттықтырушылар құрамын лайықты нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!