Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле Алматыда дауыс берді

Бүгін Құрылтай депутаттарын сайлауға Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле де қатысты. Спортшы Алматыдағы №685 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Александра Ле 2024 жылғы Олимпиадада Ислам Сатпаевпен бірге нысана көздеуден аралас командалық сайыста қола медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасының алғашқы жүлдесін сыйлаған еді.

Айта кетейік, бұған дейін осы сайлау учаскесінде Александрамен бірге Олимпиада жүлдесін иеленген Ислам Сатпаев та дауыс берген.