Норвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтуде.

Аталған жарыста Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Илья Мизерных жоғары нәтиже көрсетіп, 6 орынға иеленді!

Спортшымызды және жаттықтырушыларды үздік алтылықтан көрінуімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!