Мария Шкабарова Түркияда өтіп жатқан халықаралық FIS жарысының қола жүлдегері атанды.

Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің тау шаңғышысы Мария Шкабарова Түркиядағы FIS халықаралық жарысында қола жүлде жеңіп алды.

Улудаг (Бурса) қаласында өткен слалом бәсекесінде спортшы 1:37.70 уақыт көрсетіп, жүлделі үшінші орынға ие болды.

Спортшымыз бен жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!