Данил Васильев шаңғымен трамплиннен секіруден өткен халықаралық жарыста жеңіске жетті.

Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Данил Васильев Нижний Тагил қаласында өтіп жатқан шаңғымен трамплиннен секіру бойынша халықаралық жарыста жеңімпаз атанды.

K-120 трамплиніндегі бәсекеде спортшы 292,4 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды!

Спортшымызды және оның жаттықтырушыларын жоғары нәтижемен құттықтаймыз!