«Болашақ ойындары 2026» Астанада өтеді
Қазақстанда «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирі өтеді!

2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында әлемнің 50 елінен 900-ден астам қатысушы Астанада бас қосады.

Бағдарламада: фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, шутерлер, жекпе-жектер, фиджитал-би, Dota 2 және өзге де MOBA дисциплиналары.

Жалпы жүлде қоры — 4 млн АҚШ долларынан асады. Турнирге 100 мыңнан астам көрермен келеді деп күтілуде.

«Болашақ ойындары 2026» — технология мен дәстүрлі спортты біріктіретін жаңа буын жарысы.

Қазақстан жаһандық фиджитал қозғалысының маңызды орталықтарының біріне айналуда.