«ORLEN CUP» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ТАБЫСТЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Польша мемлекетінің Закопане қаласында трамплиннен секіруден «Orlen Cup» халықаралық турнирі өтті.

Бұл жарыста Жоғары спорт шеберлігі мектебінің екі спортшысы жүлделі үшінші орынға ие болды.

  • Артем Мешков К-95 трамплинінде кіші жасөспірімдер арасында қола жүлде
  • Даниил Калинкин К-95 трамплинінде жасөспірімдер арасында қола жүлде

Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын халықаралық жарыстағы табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!