ҮЙГЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Бүгін Алматы халықаралық әуежайында самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аружан Әсемкамалқызын салтанатты түрде қарсы алдық.

Жүлдегер спортшыны Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымы, Алматы қаласының самбо федерациясының өкілдері, жанкүйерлері мен жақындары ыстық ықыласпен күтіп алды.

Айта кетейік, Аружан Ташкент қаласында өткен самбодан 50-ші әлем чемпионатының финалында екінші орын иеленді.

Спортшыны жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!