АРУЖАН ИСЛЯМ КАРАТЭ WKF-ТЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қарағанды қаласында каратэ WKF-тен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін мектебіміздің спортшысы Ислям Аружан «ката» дисциплинасы бойынша 1 орынды
жеңіп алды.

Бұл жетістік — жүйелі дайындықтың және жаттықтырушылар құрамының кәсіби жұмысының нәтижесі.

Аружанды және каратэ WKF бөлімінің жаттықтырушыларын құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда табысты өнер көрсетулеріне тілектеспіз!