Самбодан ҚР чемпионатында алматылықтар медаль алды
Қостанай облысы Лисаковск қаласында 23 жасқа дейінгі спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жүлделі орындарға ие болды:
🥇 Тургунбоева Арухан 65 кг
🥈 Қызайбай Айханым 54 кг
🥉 Зулхайдаров Диёр 53 кг

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Жаттықтырушыларға алғыс білдіріп, алдағы жарыстарда табыстар тілейміз!