Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаларын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті

Бүгін Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебі Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында ұжым қызметкерлері мен жаттықтырушылардың қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында заңгеріміз Мунусов Рахат Мұратұлы Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына тоқталып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігі, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, сондай-ақ әр азаматтың Конституция алдындағы міндеттері жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу аясында қатысушылар Конституцияның негізгі қағидаларымен танысып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды ақпараттар алды. Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, Конституция талаптарын сақтау мен құрметтеудің маңыздылығы атап өтілді.