Ғазиз Нарымбетұлы басқаратын Алматы қаласының Каратэ WKF федерациясы Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына жазғы XX Азия ойындарына дайындық аясында қолдау көрсетті. Осы ретте 2026 жылғы 19–21 маусым аралығында Индонезияның Бали қаласында өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатқан ұлттық құрама спортшыларына арнайы спорттық жабдықтары табысталды. Бұл құралдар спортшылардың техникалық-тактикалық шеберлігін жетілдіріп, жаттығу үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ұлттық құрама Алматы облысында Олимпиадалық даярлау орталығында құрлықтық біріншілік алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Спортшыларға жан-жақты қолдау көрсету – ел абыройын халықаралық аренада асқақтатудың маңызды кепілі. Сондықтан ұлттық құраманың сапалы дайындалуына жағдай жасап, жоғары нәтижелерге жетуіне ықпал ету – ортақ міндет.
Ұлттық құрамамызға алдағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, ел мерейін үстем етулеріне тілектеспіз.




