Стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Элеонора Ибрагимова жоғары нәтиже көрсетіп, қыздар арасындағы «трап» жаттығуында жеке есепте күміс медаль жеңіп алды.
Финалдық сында Элеонора 30 мүмкіндіктің 25-ін дәл көздеп, тек Италия спортшысына ғана жол берді. Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына әлем чемпионатының күміс жүлдесін салды.
Элеонора Ибрагимованы және оның жаттықтырушыларын жоғары жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!



