2026 жылғы 16–26 маусым аралығында Германияның Зуль қаласында жасөспірімдер арасында стенд атудан Әлем чемпионаты өтуде.
Әлемнің 63 елінен 778 спортшы қатысып жатқан дүбірлі додада Қазақстан құрамасының спортшылары жоғары нәтиже көрсетуде.
Алматы қаласы Спорт басқармасына қарасты Алматы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Элеонора Ибрагимова Қазақстан құрамасы сапында қыздар арасындағы «трап» жаттығуы бойынша командалық есепте 337 ұпай жинап, әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Сонымен қатар, Элеонора Ибрагимова әлем чемпионатының жеке сынында финалдық кезеңде өнер көрсетеді.
Алматы Жоғары спорт шеберлігі мектебі спортшыны және жаттықтырушылар құрамын айтулы жеңісімен құттықтап, алдағы финалдық жарыста сәттілік пен жаңа жеңістер тілейді.



