2026 жылғы 16–26 маусым аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында муайтайдан ересектер арасындағы IFMA Әлем чемпионаты өтуде. Әлем біріншілігіне әлемнің 114 елінен 500-ден астам үздік спортшы қатысуда.
Аталған жарыста Алматы қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Дүйсехан Тұрар (60 кг) – қола жүлдегер;
Зареров Аманжол (71 кг, U24) – қола жүлдегер.
Спортшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын халықаралық аренадағы табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!



