Сәтінбек Ерасыл Азия және Океания чемпионатының қола жүлдегері атанды-

2026 жылғы 25-28 маусым аралығында Филиппин астанасы Манила қаласында самбодан Азия және Океания чемпионаты өтуде. Құрлықтық додаға Азия-Тынық мұхиты өңірінің 31 елінен 500-ден астам спортшы қатысуда.

Аталған жарыста Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Сәтінбек Ерасыл табысты өнер көрсетіп, +98 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.

Спортшымызды қола жүлдемен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!