Самбодан Азия және Океания чемпионатының қорытындысы

2026 жылғы 25–28 маусым аралығында Филиппин астанасы Манила қаласында самбодан Азия және Океания чемпионаты өтті. Құрлықтық додаға Азия-Тынық мұхиты өңірінің 31 елінен 500-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Аталған жарыста Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жауынгерлік самбодан жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль салды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Мұратбаев Бақытжан — 1 орын (+98 кг);
Асемкамалқызы Аружан — 1 орын (72 кг, жауынгерлік самбо);
Тұрғонбаева Арухан — 2 орын (65 кг, жауынгерлік самбо);
Қабдракимов Жансанат — 3 орын (79 кг);
Сәтінбек Ерасыл — 3 орын (+98 кг).

Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебі спортшыларды және олардың жаттықтырушыларын жоғары жетістіктерімен құттықтап, алдағы халықаралық жарыстарда толағай табыс тілейді.