Алматы Жоғары спорт шеберлігінің жаттықтырушылар кеңесі өтті
2026 жылғы 30 маусымда Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттықтырушылар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиналыс барысында жаттықтырушылар 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындылары, спортшылардың дайындық деңгейі бойынша есеп берді. Алдағы жоспарлар мен туындаған өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, алдағы халықаралық жарыстарға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін XX Жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылар мен оқу-жаттығу жиындарының кестесі қаралды. Бұдан бөлек, 2026 жылғы 28 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) өтетін жабық ғамараттағы Азия ойындарына дайындық барысы талқыланды.

Жаттықтырушылар кеңесінің қорытындысы бойынша алдағы жауапты жарыстарға дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру, оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру және қойылған міндеттердің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.