Бүгін Олимпиадалық даярлау орталығында Спорт күніне орай Алматы қаласы әкімдігінің атынан нысана көздеу спортына елеулі үлес қосқан жаттықтырушылар мен спортшыларға Алғыс хаттар табысталды.
Шара барысында спортшылар мен жаттықтырушыларға алдағы жарыстарда сәттілік тілеп, Аичи-Нагоя 2026 ХХ жазғы Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне тілектестік білдірдік.
Спортшыларымызға сәттілік, жеңіс және жарқын жетістіктер тілейміз!



