16 тамыз – Спорт күніне орай Алматы қаласының әкімдігі атынан Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің қызметкерлеріне Құрмет грамоталары табысталды.
Құрмет грамоталары спорт саласын дамытуға елеулі үлес қосып, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген мамандарға берілді.
Сонымен қатар, Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің бас бухгалтері Алмаханова Ғалия Шарманаповна және заңгері Мунусов Рахат Муратович «Спорт саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапат мамандардың кәсіби қызметіне көрсетілген құрмет пен олардың ортақ іске қосқан үлесінің лайықты бағасы деп білеміз. Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебі барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтап, еңбектеріне толағай табыс, мықты денсаулық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейді!



