Алматы қаласында Спорт күніне орай ел спортының дамуына елеулі үлес қосып, халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшыларды марапаттау жалғасуда. Кеше Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Абдрахим қала әкімі атынан Алматы қаласының спортшыларына марапаттар табыстады.
Марапатталғандардың қатарында Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары да бар. Стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында командалық сайыста алтын жүлде иеленген Элеонора Ибрагимова мен Мария Горунға Алматы қаласы әкімінің атынан Алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы табысталды.
Алматы қаласы Жоғары спорт шеберлігі мектебі Элеонора Ибрагимова мен Мария Горунды кезекті жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейді!



