Бүгін Мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысты.
Спортшымыз өз азаматтық таңдауын Алматы қаласындағы Самал-2 шағын ауданында орналасқан №382 сайлау учаскесінде жасады.
Биыл Михаил Шайдоров спорттық мансабындағы ең үлкен жүлдеге қол жеткізді. Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленіп, Қазақстан Республикасының байрағын көкке көтерді.



