МУАЙТАЙДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛМАТЫ СПОРТШЫЛАРЫ 3 АЛТЫН ЖӘНЕ 2 ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

2026 жылғы 1–11 қыркүйек аралығында Косово Республикасының Дечани қаласында ересектер арасында муайтайдан әлем чемпионаты өтуде. Әлемдік додаға бес құрлықтан 100-ден астам елдің ұлттық құрамалары қатысып, 1000-нан аса спортшы бақ сынауда.

Жарыс барысында Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда:

Тұрар Дүйсехан — 63 кг салмақ дәрежесінде 1-орын;

Бахтияр Нариманов — 67 кг салмақ дәрежесінде 1-орын;

Аслан Кошиев — 91 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде 1-орын;

Милана Колченко — 57 кг салмақ дәрежесінде 3-орын (U24);

Алена Ожередова — 67 кг салмақ дәрежесінде 3-орын.

Осылайша, Алматы қаласының спортшылары әлем чемпионатының қорытындысы бойынша 3 алтын және 2 қола медаль иеленді.

Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын әлем чемпионатындағы жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жоғары спорттық жетістіктер тілейміз!